Қауымдастық

Қауымдастық мүшелері

Қауымдастыққа мүше болып ену тәртібі:
  1. Қауымдастыққа мүше етіп қабылдауды (Толық және Қауымдастырылған мүшелер) осуществляется Советом Қауымдастық Кеңесі Қауымдастықтың жұмыс істейтін мүшелерінің, сол сияқты және/немесе Қауымдастық Дирекциясының ұсынуымен, ұсынылған құжаттар Жарғы мен осы Ереженің талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырады.
  2. Қауымдастықтың Толық және Қауымдастырылған мүшелері- ұйымдарды Қауымдастық Дирекциясы келесі құжаттарды ұсынған жағдайда қабылдайды:
    • Кандидаттың белгіленген нысандағы өтініші 
      ( №1 қосымша);
    • Нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмесі, тізілімге сәйкес
    • (№2 қосымша);
    • Өтініш беруші ұйым туралы анықтамалар
      ( №3 қосымша).

Қауымдастыққа мүше болуға қабылдау туралы өтінішті Қауымдастықтың Жарғысына сәйкес Қауымдастық Кеңесі қарайды, онда әрбір кандиат бойынша шешім жеке қабылданады және тиісті шешім Қауымдастықтың Жалпы Жиналысының бекітуіне шығарылады, бұл туралы өтініш берушіге өтініш қабылданған мезеттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

3. Қауымдастыққа мүшелік заңды тұлғаны Қауымдастыққа қабылдау туралы Шартпен расталады, оған Қауымдастық Кеңесінің тиісті шешімін Жалпы жиналыс бекіткеннен кейін және Қауымдастыққа мүшелі санатын (Толық және Қауымдастырылған мүшелер) анықтауға сәйкес төлемақы жасалғаннан кейін Қауымдастық Президенті бірінші тараптан және Қауымдастық мүшесі екінші тараптан қолдарын қояды.

Мүшелік жарналар және оларды төлеу тәртібі

Қауымдастықтың Толық мүшесі үшін – Қауымдастыққа кіру кезінде бір реттік бес еселенген айлық жарнаның мөлшері,  сонымен қатар бір реттік бес еселенген айлық жарна төлемақысы  350 000 теңге құрайды. Қауымдастықтың Қауымдастырылған мүшесі үшін – ай сайынғы мүшелік жарнаның мөлері 152 800 теңге құрайды.

Ай сайынғы (кезеңдік) мүшелік жарналар Қауымдастықтың барлық (Толық және Қауымдастырылған) мүшелері үшін келесі  тәртіпте енгізіледі:
  • Ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін қаңтар-маусым үшін;
  • Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шілде-желтоқсан үшін.

Қауымдастырушылар

Қауымдастықтың  Қауымдастырылған мүшелерінің құқықтары:
  1. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының және  Қауымдастық  кеңесінің қарауына осы Жарғыда белгіленген иіртіпте Қауымдастық қызметімен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
  2. Қауымдастықта бар ақпаратты және ол көрсететін басқа да қызмет түрелін пайдалану;
  3. Қауымдастықты басқаруға қатысу. Қауымдастықтың Қауымдастырылған мүшелерін қоспағанда, Қауымдастықтың әрбір мүшесі Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында бңр дауысқа ие.;
  4. Қауымдастықтың жыл сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлеуге және қабылдауға қатысу;
  5. Қауымдастыққа өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда жәрдем көрсетуді өтініп жүгіну;
  6. Қауымдастық қызметінің барлық мәселелері бойынша түсіндірулер мен ұсыныстар алу;
  7. Қауымдастық қызметінің кез келген мәселелерін талқылау және оның жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  8. Осы Жарғыда қарасстырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Операциялық

Қауымдастықтың Толық мүшелері:
Қауымдастықтың бекітілген Жарғысына сәйкес Қауымдастықтың  Толық мүшелерінің келесі құқықтары бар:
  1. Қауымдастықтың басқару органдарын сайлау және оларға сайлану;
  2. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының және  Қауымдастық  кеңесінің қарауына осы Жарғыда белгіленген тәртіпте Қауымдастық қызметімен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
  3. Қауымдастықта бар ақпаратты және ол көрсететін басқа да қызмет түрелін пайдалану;
  4. Қауымдастықты басқаруға қатысу. Қауымдастықтың Қауымдастырылған мүшелерін қоспағанда, Қауымдастықтың әрбір мүшесі Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында бңр дауысқа ие.;
  5. Қауымдастықтың жыл сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлеуге және қабылдауға қатысу;
  6. Қауымдастыққа өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда жәрдем көрсетуді өтініп жүгіну;
  7. Қауымдастық қызметінің барлық мәселелері бойынша түсіндірулер мен ұсыныстар алу;
  8. Қауымдастық қызметінің кез келген мәселелерін талқылау және оның жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  9. Осы Жарғыда қарасстырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.