APMT жұмысы туралы
МИССИЯ
Қазақстан Республикасында теңіз көлігінің дамуына жәрдемдесу, Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау.
пайымы
Қауымдастық – теңіз көлігі ұйымдарының мемлекеттік органдармен және қоғаммен өзара іс-қимылының, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелерді ортақ шешімдерін іздеу үшін өзара диалогты дамытудың тиімділігі жоғары құралы болып табылады.
ҚАУЫМДАСТЫҚтың қағидаттары мен құндылықтары
Демократиялық
Қауымдастықтың барлық мүшелерінің олардың меншік мөлшерлері мен нысандарына байланыссыз Қауымдастықта тең құқықтары мен міндеттері бар.
Кәсібилік
Қауымдастық мүшелері қызметкерлері біліктілігі жоғары мамандар болып табылатын Қауымдастық ішінде өзара кәсіби іс-қимыл мен қарым-қатынастың халықаралық стандарттарына сәйкес келуге талпынады.
Ашықтық
Қауымдастықтың барлық мүшелері Қауымдастық шеңберіндегі қызметтерін жүзеге асырған кезде барынша жариялылық қағидаттарын ұстанады.
Жауапкершілік
Қауымдастық мүшелері әлеуметтік жауапты бизнес идеологиясын әспеттейтін компаниялар болып табылады.
Инновациялылық
Қауымдастықтың барлық мүшелері өздерінің дербес бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу, оларды Қауымдастық шеңберінде ұсыну және ілгерілету құқығына ие.
Тиімділік
Қауымдастық мүшелері Қауымдастықтың басшылық етуші және атқарушы органдарынан теңіздегі көлік қызметтерінің қазақстандық нарығына қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған идеологияны насихаттайтын тиімділікті талап етуге құқылы.
ҚАУЫМДАСТЫҚтың СТРАТЕГИялық дамуының мақсаттары болып мыналар анықталды:
- Қазақстан Республикасында теңіз көлігінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау;
- Қауымдастықты тиімді қызмет атқаратын құрылымға айналдыру;
- Теңіз көлігінің қызметін жан-жақты әйгілеу;
- Халықаралық ынтымақтастық
Қауымдастық қызметі Қазақстан Республикасы теңіз көлігінің қолайлы даму жағдайларын, имиджін қалыптастыруға және оның мүшелерінің мүдделерін қорғауға, қазақстандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, сонымен қатар теңіз көлігі ұйымдарының мемлекеттік органдармен және қоғаммен диалогын дамытуға ықпал етеді.
Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру, мемлекеттік органдармен диалогты қамтамасыз ету шеңберінде, теңіз көлігі ұйымдарының дамуын қолдау мақсаттарында.