Біз туралы

ТККҚ туралы

Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық немесе ТККҚ) Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды теңіз көлігінің дамуына жәрдемдесу, олардың өндірістік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық міндеттерге бағытталған қызметін реттеуге және олардың ортақ мүдделерін қорғау мақсаттарында ерікті түрде біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2008 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласының әділет департаментінде Қауымдастықты мемлекеттік тіркеу жүргізілді.
Ppt, 105 Кб
Ppt, 110 Кб

Байқау кеңесі

Елекеев Ирак Қасымұлы
Елекеев Ирак Қасымұлы
Бақылау кеңесінің басшысы
Оржанов Айдар Есенжанұлы
“Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Коспаев Арман Аскарұлы
«KMG SYSTEMS & SERVICES» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Түрікпенбаев Абай Ноғайұлы
«АҚТАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ САУДА ПОРТЫ» ҰК» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ
Ахметов Серік Жетпіспайұлы
«ҚҰРЫҚ ПОРТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Елекеев Ирак Қасымұлы
Бақылау кеңесінің басшысы

Елекеев Ирак Қасымұлы

Жалпы ақпарат, білімі
  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1977) Заңгер-құқықтанушы
Мансабы
  • Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алғасының мүшесі (1996-1999)
  • Беларусь, Қазақстана, Қырғызстан және РФ Парламентаралық комитетінің Құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы (1996-1999);
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы  (11.2012ж. бастап)
  • Нұр-Сұлтан қ. Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Құрмет» ордені (12.2007)
  • ҚазКСР еңбек сіңірген заңгері медалі
Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:
  • Баспасөз бетіндегі бірқатар жарияланымдардың авторы

Жасыру

Есетов Қуаныш Калпенұлы
Бас директор

Есетов Қуаныш Калпенұлы

Жалпы ақпарат, білімі

К.К. Есетов 1976 жылы 31 қазанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Ш.Е.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін отын-энергетика кешені салаларындағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Астана қаласындағы Қазақстан гуманитарлық заң университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Мансабы

Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау портындағы маркетинг бөлімінің менеджері болып бастаған.

2002-2003 жылдары «Қаражанбасмұнай» ЖШС ұңғымаларды күрделі жөндеу бөлімшесі басшысының ассистенті болып жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті Теңізде жүзу бөлімінің бас маманы.

2004 жылдың соңынан бастап 2022 жылға дейін "Қазтеңізкөлікфлоты" ҰТКК "ЖШС-де мынадай лауазымдарда жұмыс істейді:

  • Коммерциялық департаменттің бас менеджері
  • Теңіз операцияларын қолдау флоты қызметінің басшысы
  • Коммерциялық департаменттің жоба менеджері
  • Коммерциялық департамент менеджері
  • Бас директордың кеңесшісі
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры
  • Коммерциялық департамент директоры

2022 жылғы шілдеден бастап «Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығы» коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

Қоғамдық қызмет - 2016-2021 жылдары Ақтау қалалық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты болды.

Келесі марапаттарға ие:
  1. 2006 жылы ҚТКФ басшылығының атынан кәсіби және мінсіз жұмысы және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
  2. 2008 жылы Көлік және коммуникация министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  3. 2009 жылы ҚР ККМ Көлік комитеті Төрағасының атынан өндірістік қызметтегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
  4. 2012 жылы "Нұр Отан" ХДП Маңғыстау облыстық филиалымен облыстың әлеуметтік-саяси өміріне қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  5. 2013 жылы Ақтау қаласының әлеуметтік-саяси өміріне қосқан елеулі үлесі үшін "Ақтау қаласына 50 жыл" медалімен марапатталған.
  6. 2014 жылы "ҚМГ "ҰК"АҚ төсбелгісін алды.
  7. 2015 жылы ҚР Президентін сайлауға белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінен Құрмет грамотасын алды.
  8. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлауға белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінен Құрмет грамотасын алды.
  9. 2018 жылдың қыркүйегінде ҚТКФ басшылығының атынан кәсіби және мінсіз жұмысы және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін "ҚТКФ-ға 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
  10. 2018 жылдың қазан айында Ақтау қаласының әлеуметтік-саяси өміріне қосқан елеулі үлесі үшін "Ақтау қаласына 55 жыл" медалімен марапатталды.
  11. 2018 жылдың желтоқсан айында Елбасы атынан "Астана 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды
  12. 2019 жылдың маусым айында ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінен Құрмет грамотасын алды.
  13. 2019 жылдың тамыз айында ҚР Энергетика министрлігі басшылығының атынан кәсіби және мінсіз жұмысы және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін "Қазақстан мұнайына 120 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
  14. 2019 жылдың желтоқсанында мәслихаттардың 25 жылдығына орай "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.

Жасыру

Юдин Николай Васильевич
Бас Директордың орынбасары

Юдин Николай Васильевич

Жалпы ақпарат, білімі

Омск өзен училищесі, «кеме жүргізу» бөлімі 1970-1974жж.
Новосибирск су көлігінің инженері институты «су көлігін пайдалану» факультеті 1980-1986жж.

Мансабы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС

  • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС  (2007 — 2013)
  • ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің су көлігі басқармасының басшысы (1999-2007жж.)
  • ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті директорының орынбасары (1996-1999жж.)
  •  ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инспекциясының халықаралық тасымалдауды лицензиялау бөлімінің басшысы (1994 — 1996)
  • «Қазөзентеңізфлоты» РӨБ» республикалық һндірістік бірлестігінің бөлім басшысы (1993-1994жж.)
  •  «Алма-Атаоблагроөнеркәсіпқұрылыс» тресті, механикаландыру және көлік бөлімінің бастығы (1988-1993жж.)
  • Қазақ КСР Министрлер кеңесінің жанындағы өзен флотының бас басқармасы, Механика-кеме бөлімінің бас механигі (1985-1988жж.)
  • КСРО Су шаруашылығы министрлігі, Өнеркәсіптік кәсіпорындар басқармасы, Бас механик (1980-1985жж.)
  • Ертіс кеме жөндеу зауытының БЛКЖО комитетінің хатшысы (1979-1980жж.)
  • Қызыл Тулы Тынық мұхиты флоты, Камчатка түбегі, БЧ-5 (1975-1978жж.)
  • Обь-Ертіс кеме шаруашылығы, мұнай құю кемелерінде (танкерлерде) штурман, вахта бастығы ретінде жұмыс атқарды (1974-1975, 1978-1979жж).

Юдин Николай Васильевич – ҚР «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің төрағасы

  • «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау комитетінің мүшесі
  • «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік жұмыскерлерінің одағы Президиумының мүшесі
  • ЕЭК және Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-қоғамдастығының Өзара іс-қимыл жөніндегі консультациялық кеңесінің мүшесі
  • ЕЭК Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің мүшесі
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
  • «Еуразия экономикалық одағын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі 2019 жылы
  • «Астана 20 жыл» мерекелік медалі -2018 ж.
  • «Казақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі -2016г.
  • «Еңбек Ардагері» медалі -2016ж.
  • «Өз ісіне берілгендігі үшін» 3-дәреже -2017ж.
  • «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі -2013 ж.
  • «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі -2001ж.

Жасыру

Құрылтайшылар

Қауымдастықты құру туралы шешім келесі факторлар негізге алына отырып қабылданды:
  • Теңіз көлігінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету рөлінің Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінде көмірсутек ресурстарын ауқымды игерімен және Қазақстан Республикасынан тауар экспортын және транзитін қамтамасыз ету үшін теңіз көлігі жүйелерін құрумен байланысты күшеюі;
  • Қазақстанда теңіз көлігінің қызметін реттеудің халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес келетін тиісінше жүйесінің жоқтығы;
  • Алға қайылған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін теңіз қызметтерінің артып келе жатқан қатысушыларының тиімді қызмет атқаруына мүмкіндік беретін Қазақстанның теңіз секторын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігі.
ТККҚ құрылтайшылары келесі кеме жүргізу компаниялары болып табылады:
  • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС,
  • «OMS Shipping» ЖШС,
  • «GAC Kazakhstan» ЖШС.