APMT қызметі

Стратегия

Жерде жүрсең, жер туралы ойға алмайсың. Теңізде жүргенде, сен үнемі теңізді ойлайсың.

Ч. Айтматов

Қалыптасқан жағдай бойынша, Қазақстанның Еуразия ортасында географиялық орналасуы Еуропа және Азия елдерінің көлік байланыстарының құрлымында оған бөлек мән үстейді. Дегенмен де, континенттің ортасында орналасқанының өзінде, біздің мемлекетіміз толық құқықты теңіз державасы болын санала алады. Әр теңіз кемесінің өз аты мен ұлттық жалауы бар болатыны белгіленген, бұл осы жүзу құралына ресми мәртебе береді.

Теңіз бизнесін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және Қазақстан Республикасында ұлттық кеме қатынасы компанияларының мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсаттарында 10 жыл бұрын Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің Қауымдастығы (бұдан әрі – ТККҚ) құрылды.

ТККҚ Қазақстан Республикасында, сонымен қатар халықаралық жол қатынасында келік қызметтерін көрсету саласын дамытуға жәрдемдесу, олардың өзара экономикалық іс-қимылға, өндірістік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және олардың ортақ мүдделерін қорғауға бағытталған қызметін реттеу мақсаттарында заңды тұлғаларды ерікті негізде біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

ТККҚ-ның негізгі құрылтайшысы Ұлттық теңізбен тасымалдаушы мәртебесі бар «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы болып табылады (бұдан әрі - ҚТКФ) болып табылады, компанияның кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан және қаладағы ең көрікті де заманауи ғимараттардың бірі болып табылады. Өзінің 20 жыл қызметі ішінде ҚТКФ 70 млн. тоннадан аса мұнайды Каспий теңізімен және 32 млн. тоннадан аса мұнайды ашық теңіздермен тасымалдады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең ірі және заманауи флот ҚТКФ меншігінде болып табылады.

ТККҚ дамуының стратегиялық мақсаттары:
  • Қазақстан Республикасында теңіз көлігінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Қауымдастықты тиімді қызмет атқаратын құрылымға айналдыру;
  • Теңіз көлігінің қызметін жан-жақты әйгілеу;
  • Халықаралық ынтымақтастық.

ТККҚ ҚР «Атамекен» ҰКП-да 2013 жылғы 11 қарашадан бастап аккредиттелген, ҚР «Атамекен» ҰКП басқару органдарының жұмысына қатысады. 2014 жылдан бастап ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетіне басшылық етеді. Аккредиттелген күннен бастап Қауымдастықты ҚР «Атамекен» ҰКП функцияларын жүзеге асыруға тарту туралы Шарт жасасылады, оған сәйкес Қауымдастық келесі бағыттар бойынша функциялар атқарды:

  • Теңіз көлігі кәсіпкерлігі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Теңіз көлігінде кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру;
  • Теңізбен тасымалдау және теңіз көлігі саласында қызметтер көрсету нарығының мүдделерін қозғайтын заңнамалық және өзге НҚА сараптамасын жүзеге асыру;
  • Әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда ҚР «Атамекен» ҰКП теңіз көлігі кәсіпкерлері көтеретін теңіз саласының проблемалық мәселелерін шешуге көп көңіл бөледі, бұл Каспий теңізінде мұнай төгілуін жоқ, отандық теңіз тасымалдаушыларының мүдделерін қорғау, теңіз кадрларын дайындау және кадрлық әлеуетті дамыту, сонымен қатар ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасы  үшін маңызды Кеме қатынасы туралы келісімге қол қоюды жеделдету  мәселелері.

ТККҚ «Kazlogistics»  Қазақстан Тасымалдаушылар одағының өкілдері  Президиумының және ЕЭК Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында бар.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ТККҚ мүшелері Қазақстанның 4 аса ірі кеме қатынасы компаниясы болып табылады, олар халықаралық бағыттағы  теңіз тасымалдауының 100%-ын жүзеге асырады және олардың басты мақсаты Қазақстанның ұлттық теңіз флотын дамыту болып табылады.

  1.  «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» – заманауи танкерлер флоты мен теңіз  операцияларын қолдау кемелері бар халықаралық деңгейдегі компания, Каспий өңірінде тасымалдау бойынша көшбасшы болып табылады.
  2. «KTZ ExpressShipping» - дедвейті 6000 рег.тоннаға дейін, жалпы салмағы 24000 тоннаға дейін құрғақ жүк таситын төрт кемесі бар. Бидай, металл және басқа да тауардарды Иран бағытында тасымалдаумен айналысады. «Нұрлыжол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 10 кемеге дейін ұлғайту қарастырылған және бұнымен қатар екі паром жасау жоспарланып отыр.
  3.  «OMS Shipping» - өздігінен жүрмейтін 10 бірлік флоты және оларды тасымалдауға арналған сонша буксирі бар. Ағымдағы жылы Компания екі буксирмен және «Оазис» қалқымалы қонақ үйімен толықтырылды. Астраханьда жасалып жатқан тағы екі буксирмен толықтырылады деп күтілуде. Компания Қашағанда теңіз операцияларын жүргізумен айналысады, Түірменстан мен Әзербайжан арасындағы буксирлік операцияларға қатыстырылған.
  4. «KMG Systems&Services» ЖШС мұнадың апаттық төгілуін жоюға маманданған, ол үшін ауа жастықшасындағыкемелер сатып алу жоспарланып отыр.  Атырау қаласында мамандандырылған базасы бар.

 

 

 

Мұнай құятын және құрғақ жүк тасыитын көлік флотынан басқа Қауымдастыққа мүше компаниялардың Каспий теңізінің қайраңында  теңіз операцияларын жүзеге асыруға арналған 40 бірліктен аса буксирлері, көмекші және арнайы флоты бар.

Бүгінде Қазақстанның жалпы теңіз флотын және соның ішінде ұлттық теңіз тасымлдаушысын геосаяси және экономикалық факторлардың барлығын ескере отырып дамыту еліміз үшін стратегиялық мәнге ие. Мынаны түсіну керек: Қазақстан флотының мүдделерінің аясы Каспий теңізімен шектелмейді. Бұл ретте, қай жерде болғанына байланыссыз қазақстандық кемелер ұлттық заңнаманың нормаларын ұстанулары тиіс.Және де біздің флотымыздың табысы мен  бәсекеге қабілеттілігі осы нормалардың қандай болатынына байланысты. Әлемдік іс-тәжірибе әр елдің тасымалды өз кемелерімен жүзеге асыруға ұмтылысын әбден орынды құбылыс ретінде қабылдайды.

Ұлттық флотты дамыту фрахтта қаражат үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар теңіз тасымалдауы қызметін экспорттау есебінен елеулі табыс алуға да мүмкіндік береді. Теңіз сауда кеме қатынасының мүдделерін білдіретін Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы – жоғары технологиялық сала, ол бірқатар ілеспе өндірістердің дамуына ықпал етеді, онда нарықтың ірі қатысушыларымен бірге шағын және орта бизнес те, ғылымды қажетсінетін және инновациялық технологияларды іске асырушы кәсіпорындар да өз орындарын таба алады. Мерейтойларыңызбен!