Бизнес – ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер туралы
ҰКП ЕЭК-пен бірге «ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді айқындауға бизнес-қоғамдастықтың қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасының төрағасы Дана Жүнісованың төрағалығымен және Алқа мүшесі, Еуразия экономикалық комиссиясының ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Карине Минасянның қатысуымен өтті.
Бүгінде Еуразия экономикалық одағының бизнес-қоғамдастықтарына тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің бірыңғай нарығы ұсынатын артықшылықтар мен мүмкіндіктердің барлығын толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін толып жатқан кедергілер бар.
«Бизнеспен қарым-қатынас біз үшін түбегейлі мәселе және нақты проблемаларды біз тікелей бизнестен біліп отырамыз, кәсіпкерлерді толғандыратын проблемалар туралы ақпарат алғанда өз жұмысыңда не нәрсеге баса назар аударуды нақты түсінесің», - деп атап өтті Карине Минасян отырыста сөйлеген сөзінде.
ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасы Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова, өз кезегінде, Қазақстандық кәсіпкерлердің көптеген мәселелері жылдар бойы шешілмейтінін атап өтті. «Бұл транзит, кеме қатынасы жөніндегі шарт, акциздер, алкогольді өнімдер нарығына қолжетімділік проблемалары. Біз әр мәселеміздің бағасын өте жақсы түсінеміз. Мен атап отырған әрбір кедергі бойынша жоғалтуларды цифрмен бере аламыз», - деп мәлімдеді ол.
Ресей порттарына қолжетімділік бойынша 2013 жылдан бері бар кедергілер жөнінде Экономикалық интеграция департаментінің директоры Долорес Төлебекова баяндады. «Одақ туралы шартта порттар көрсететін қызметтерге біздің тең қолжетімділігіміз бар деп жазылып көрсетілген. Біздің көмір өндіретін экспортқа бағытталған кәсіпорындарымыз өз өнімдерін алыс шетел елдері арқылы, Ресейің Қиыр Шығыстағы порттары арқылы жібереді. Біз жыл сайын 4 млн. тоннаға жуық көмір тиейміз, бірақ әлеуетіміз 8-11 млн. тонна. Біздің кәсіпорындарымыздың мүмкініктері субъективті себептер бойынша шектеулі. Біз осы мәселемен жақында ЕЭК-ке жүгіндік», - деді ол.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметіне жүгінген, оның қорытындысы бойынша Порттарға кемсітушіліксіз қол жеткізу жөніндегі қағидалар түріндегі қажетті құжат РФ Үкіметінің қарауына енгізілгендігі туралы ақпарат алынды.
Алайда, реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды беретін орган Қағидалар жобасының үкіметке жолданғаны туралы ақпаратты растамады, сол себепті осы проблемалық мәселені шешетін құжатты қабылдау осымен үшінші жыл созылып келеді.
«Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ директоры Николай Юдин Ресей Федерациясының ішкі су жолдарына қолжетімділік жоқтығы проблемасы туралы айтты. Бұл мәселе 2008 жылдан бері қозғалып келеді, сол кезде-ақ Каспий теңізінен Волга-Дон каналымен Қара теңіз порттарына жеңілдетілген ескертпе режимінің негізінде транзиттік өтуді қамтамасыз ететін құжатқа қол қойылуы тиіс болатын.
Сонымен бірге, Еуразия экономикалық одағы құрылғандықтан, ескертпе негізіндегі транзиттік өтуді қамтамасыз ететін бес жақты құжат әзірлеу туралы шешім қабылданды. Одақтың актілерін әзірлеу жоспарында 2015 жылғы желтоқсан мерзімі көзделгенімен, құжат осы уақытқа дейін қабылданбай жатыр.
«Өткен жылы Ресей тарапы мемлкетішілік келісу процедурасының барысында кемелердің өтуі үшін рұқсат берудің жеңілдетілген тәртібін белгілеуге қатысты ескертулер енгізгенін атап өту керек, - деді Дана Жүнісова. – Алайда қазақстандық тарап бұл ескертулерге келісім бергеннің өзінде құжат қабылданбай отыр».
Дөңгелек үстел барысында сол сияқты Одақтың алкоголь нарығына қолжетімділік мәселелері де қозғалды.
«ЕАЭО-ға мүше елдерде тең емес жағдайлар жасалған. КО қағидаттарына сәйкес, Қазақстан 2010 жылғы 1 шілдеден бастап өз тарапынан ресейлік, беларустық алкоголь өнімдерінің жолындағы кедерілердің барлығын алып тастады. Егер КО құрылғанға дейін Қазақстанға арақ импорттау 10%-дан аспайтын болса, бүгінгі күні ол 40%-ға жетті. Сонымен бірге, Ресей мен Беларусь тарапынан жауап қадамдар осы уақытқа дейін жоқ. Олар керісінше істеуде: мысалы, Ресей Федерациясы сол 2010 жылы қамтамасыз ету төлемін енгізді, оның сомасы шеттен ең көп әкелінетін өнімнің құнынан 3 есе асты. Беларусь тарапы 2011 жылдан бастап импортты квоталау жүйесін енгізді, ол бойынша олардың өздерінде шығарылмайтын алкогольді өнімдерді ғана елге әкелуге рұқсат етіледі. Біз бұл мәселені 2011 жылдан бері көтеріп келеміз. ЕАЭО аумағында алкогольдің еркін айналымы жөніндегі келісім дайындалып жатқанына, міне, 6 жыл болды», - деп айтты ол.
Оның үстіне, Қалиеваның сөзінше, Ресей бастамасы бойынша әзірленген акциз мөлшерлемелерін үйлестіру жөніндегі тағы бір келісімнң қабылданып жатқанына да осымен үш жыл. «Олар біздің акциздерімізді олардың деңгейіне дейін көтеру шартын қойды. Бүгінгі таңда біз ресейлік тараптың талаптарын толығымен орындадық, біл біздің ЕАЭО бойынша серіктестеріміз нақты шараларды әлі қабылдамай отыр», - деді ол.
Қазалко басшысы бұл жағдайда Қазақстандық спирт пен алкогольді өнімдерді елге әкелуге Росалкореттеу тарапынан үнсіз тыйым орын алып отырғанын атап өтті.
«ҚазАТО» өкілі Иван Янсен ҚР аумағында халықаралық тасымалдаудың жұмыс істеуі мәселелеріндегі кедергілер туралы хабарлады. «Барлық мемлекеттер, соның ішінде Ресей де МДП тиапшалары бойынша жұмыс істеуі тиіс. Алайда РФ аумағы арқылы транзит кезінде көлік құралдарын қарап тексеру шаралары көбінесе ешқандай себепсіз қабылданады. Бұл МДП кітапшалары бойынша жұмысты бұзады, көлік 3-5 сөтке бойы тұрып қалады. Тиісінше, қазақстандық тасымалдаушылар қосымша шығынға ұшырайды. Олар өте елеулі және ақыр соңында тауардың бағасына ықпал етеді», - деді ол.
Сонымен қатар Қырғызстан орнатқан кедергілер де қаралды. 2016 жылғы қарашада Қырғыз Республикасы ҚР аумағында құс тұмауының өршуі туралы ресми емес дереккөздерден алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып, құс еті мен жұмыртқаны елге әкелуге тыйым салды.
Бүгінгі ҰКП-ға «Қазгер-Құс» ЖШС-нан шекараның жабылғандығы туралы хабар келіп түсті. «Егер жоғалтулар туралы айтатын болсақ, ол тағамдық жұмыртқа экспортының барлық көлемінің үштен бірі шамасында, яғни 45-50 млн. дана жұмыртқа немесе 1,5-2 млрд. теңге. Біз бұл заңсыз деп санаймыз», - деп атап өтті ҚР ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.
Бұдан басқа, 2016 жылғы 26 қаңтарда Қырғызстанда заң қабылданды, оған сәйкес Республикаға әкелінетін бидай ҚҚС-тан босатылады. Тиісінше, бұл бидайдан өндірілетін ұн да ҚҚС-тан босатылады. «Бұл шара әзірлеушілердің ойы бойынша Қазақстандық ұн тартушылармен бәсекелесу үшін қырғыз ұн тартушыларын қолдауға және Қазақстаннан әкелінетін ұнның көлемін қысқартуға бағытталған. Нәтижесінде Қырғызстанның осы себептен жылына 655 сом шамасында жоғалтуы орын алды. Қазақстандікіне қарағанда жергілікті бидай қымбатырақ болды және биыл тіпті егін егудің қысқаруы да байқалып отыр. Қырғыз тарапы бір нәрсені дұрыс істемегенін енді түсінді: ұн тартушыларға қолдау көрсетілді, ал фермерлерді тығырыққа тіреді. Бұл шара шектелуі үшін оларға сырттан әсер ету керек деген ой қалыптасып отыр. Соңғы 5 жыл ішінде Қырғызстанға әкелінетін Қазақстандық ұн жеткізілімдерінің көлемі 5 есе төмендеді», - деп әңгімеледі Қазақстанның астық өңдеушілері және нан пісірушілері одағының президенті Ган Евгений Альбертович.
Дөңгелек үстелдің барысында біздің елдеріміздің бизнесі үшін өзекті болып табылатын басқа да проблемалық мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы отандық бизнестің кедергілері аз емес екендігін және бұл осындай іс-шаралардың маңыздылығын арттыратынын көрсетті.
Карине Минасян ең маңызды мәселелер 7 наурызда Үкіметаралық кеңестің отырысында қаралатынына уәде берді. Өз кезегінде, Палата ҚР уәкілетті мемлекеттік органына Комиссияға табыстау үшін отандық бизнес кедергілерінің шоғырландырылған тізімін жібереді.
«Қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибе өмірде де, сонымен қатар бизнестегі де сияқты қазіргі заманғы әлемде көмекті, өзара жәрдем мүмкіндігі мен командалық ойынды сезіну өте маңызды. Сондықтан біздің өз күштерімізді біріктіруіміз және Одақ елдерінің бизнесінің дамуы жолындағы кедергілерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін бірлескен шаралар жасап шығарумыз қажет, - деп қорытындылады Дана Жүнісова.
«Атамекен» мұндай іс-шаралар бизнестің өзекті проблемаларын шешу мәселесінде шын мәнінде әсері мол құралға айналып, олардың жойылуы ЕАЭО елдері экономикасының елеулі өсуінің кілті және біздің елдеріміздің жақындасуына кезекті қадам болып табылады деп сенеді.
Өз кезегінде экономикалық интеграция департаменті Департамент қызметкерлері отандық бизнесте туындайтын проблемалық мәселелердің, жүйелік кедергілер мен ЕАЭО шеңберіндегі өзге де шекеулердің мониторингін Одақ бойынша серіктестермен ынтымақтаса отырып тұрақты негізде жүргізетінін еске салды.
Мұндай шектеулер бар болған жағдайда ҚР «Атамекен» ҰКП ЭИД-ға 919 373 телефоны бойынша хабарласуды немесе өз өтінштеріңізді e-mail: dei@palata.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
http://atameken.kz сайтына сілтемемен