Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды
ЕАЭО елдері арасындағы Кеме қатынасы туралы келісімге Алматыда 2019 жылғы 1 ақпанда қол қойылды. Ол Реттелген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманы іске асыру және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің арасында су көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында қабыданды.
«Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды ҚР Парламенті Сенатының депутаттары 2020 жылғы 05 қарашада қабылдады. Сенат Төрағасы бұл құжаттың Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасындағы байланыстарды нығайтуға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және тауар айналымының артуына ықпал ететінін баса атап өтті.
Қазақстан флотының ашық теңізге шығуы үшін бұл келісімнің стратегиялық маңызы бар. Сонымен қатар бұл құжат таяудағы уақытта Ресейдің ішкі су жолдарымен Қара теңіз бен Жерорта теңізінің порттарына дейін тасымалданатын жүктердің көлемін арттырып, осы арқылы біздің еліміздің экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін болады.
Мәулен Әшімбаев
Қазақстаннан басқа, құжатты бүгінгі таңда Армения, Қырғызстан мен Ресей ратификаттады.
Келісімде, соның ішінде, келісімге қатысушы елдер арқылы кеме транзитіне рұқсаттар беруді жеңілдету қарастырылған. Тиісті өтінімдерді уәкілетті органдар 10 күннен аспайтын мерзім ішінде қарайды.
Екіжақты тасымалдау хабарлау тәртібіне көшіріледі. Жыл сайын 1 сәуірге дейін уәкілетті органдар екіжақты тасымалды жүзеге асыратын кемелердің алдын ала жасалған тізімін келіседі. Қажет болған жағдайда бұл тізімдерді жыл ішінде түзетуге болады.
Сонымен қатар келісімде тараптардың порттар көрсететін қызметтерге қолжетімділіктің тең шарттарын ұсынуы, сол сияқты кеме құаттары мен кеме экипаждары мүшелерінің құжаттарын өзара мойындау қарастырылған. Бұл кемелердің порттарда бақылау органарының қарауынан өтуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Заңның мәтіні http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2000000376 сілтемесі бойынша қолжетімді