ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің көлік-коммуникациялық кешен салаларында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі салалық кеңестерінің отырысы

214 жылғы 24 сәуірде ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, көлік саласының қоғамдық қауымдастықтарының өкілдерін және ЖОО басшыларын шақырумен өтті.

Білім беру ұйымдары салалардың мамандар дайындап шығару бойынша тапсырмаларын орындамайтыны, оқу процесінің жетілмегендігі салдарынан білім сапасының төмендігін сөйлегендер атап өтті, бұл сұранысқа ие болмаған түлектер саны көп болғанымен, салада кадрлар тапшылығының туындауына әкелуде.

Білім және ғылым министрлігіжұмыс стилін өзгерту жөніндегі сансыз ұсыныстарға ден қоймай отыр.

Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының президенті өз сөзінде қазіргі уақытта су көлігі саласында 8 мыңдай  адам жұмыс істейтінін, олардың 2 мыңға жуығы - теңіз кемелерінің жүзу құрамында жұмыс істейтінін айтты.

Ш жоғары және төрт орта кәсіптік білім беру ұйымы осысала үшін кадрлар дайындаумен айналысады, алайда олардың түлектеріне берілетін дипломдар Халықаралық   теңіз  ұйымының (ХТҰ) «ақ тізімінде» Қазақстан жоқ болғандықтан, шетелдік порттар мен кеме қатынасы компнаияларында мойындалмайды. Осының салдарынан мамандар кеме экипаждарының мүшелері ретінде жұмысқа тұру үшін шетелдік оқу орындарындақайта дайындаудан өтуге мәжбүр.

Бұл мәселені халықаралық сарапшылармен бірге шешу үшін ұлттық заңнама мен отандық бейінді білім беруге талдау жасалды, нәтижесінде мыналар айқындалды:

  • халықаралық  талаптарға, оның ішінде Теңізшілерді дайындау, оларға диплом беру және вахтаны атқару туралы Халықаралық конвенцияның ережелеріне  сәйкессіздік (ДДВА Конвенциясы);
  • оқытушылар құрамының төмен деңгейі;
  • оқу орындарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
  • жүзу практикасынан өту мүмкіндігінің жоқтығы.

Бұл «ақ тізімге» кіру үшін келесі жұмыстар жүргізіледі.

ДДВА Конвенциясын имплементациялау мақсатында ХТҰ аудитінен өту мәселелері бойынша заң жобасы әзірленіп, оған Парламент депутаттары арқылы бастамашылық етілді.

Сонымен қатар заңға тәуелді тиісі актілердің жобалары әзірленуде. Ағымдағы жылдың қазанында ХТҰ-ға өтінім енгізу жоспарланған.

Жалпы алғанда, ХТҚ аккредиттеуі үшін келесі критерийлерге сәйкес келу қажет, яғни мыналар бар болуы тиіс:

  • мамандандырылған оқу орындары;
  • теңіздегі оқу-жаттықтыру орталықтары;
  • нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
  • сапаны бақылау жүйесі.

Сонымен бірге Қазақстандық оқу орындары тиісті оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеулері, оның ішінде теңіздік ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды бағдарламаға қосуы, кемелерде практикалық жұмыс істеу тәжірибесі бар профессор-оқытушы құрамы бар болуы, курсанттарды жүзу практикасымен қамтамасыз етуі тиіс.

«ақ тізімге» кірген жағдайда біздің теңіз көлігі саласының мамандарын дайындайтын оқу орындарымызды бітірген түлектердің дипломдары халықаралық деңгейде мойындалады және отандық теңізшілер алған біліктіліктері бойынша бүкіл әлем бойынша шетелдік кемелерге жұмысқа тұра алатын болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Ұлттық біліктілік жүйесін ендірудің жетілдірілуі  туралы баяндады, бұл 2012 және 2013 жылдары салалық шеңберлер мен кәсіптік стандарттарды әзірлеген кезде  жіберілген қателерді жоюған мүмкіндік береді.