Қазақстан теңіз флотына сәт сапар!

Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының мүшелері проблемалық мәселелерді талқылады

Ақтауда Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысы өтті.

Қауымдастық мүшелері қызметтің қорытындыларын, сонымен қатар теңіз көлігімен тасымалдаудың, сол сияқты жалпы саланың көкейтесті проблемалық мәселелерін  талқылады.

ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов кездесуде сөйлеген сөзінде Қазақстанда теңіз көлігі саламын дамытудағы Қауымдастықтың рөлін баса айтып өтті.

«Бүгінгі таңда «Атамекен» теңіз көлігі кәсіпкерлері көтеретін проблемалық мәселелерді шешуге көп көңіл бөледі, бұл Каспий теңізіндегі мұнай төгілулерін жою, отандық теңіз тасымалдаушыларының мүдделерін қорғау, теңіз кадрларын дайындау және кадрлардың әлеуетін дамыту, ЕАЭО шеңберінде Кеме қатынасы туралы келісімге қол қоюды жеделдету», - деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Осы уақытқа дейін мұнацдың төгілулеріне дайын болу және ден қою мәселелері жер қойнауын пайдалану саасындағы уәкілетті органның тар бағыттағы қызметі ретінде қарастырылып келді.

Алайда, қазіргі уақытта  ҚР заңнамасына сәйкес мұнай төгілулерін жою бойынша талаптар көлік және төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органдарға да таралады,  «Атамекен» аталған мемлекеттік органдармен кемелерден мұнайдың төгілуіне ден қоюды қамтамасыз ету,  сонымен қатар мұнайдың төгілулерін жоюға тартылатын ұйымдардың шығынын өтеу механизмін жасап шығару бойынша қажетті жұмысты жүргізетін болады. 2018 жылы ҚР Экологиялық кодексіне көп көңіл бөлінетінін ескерумен, осы мәселе өзекті болып табылады, бұл туралы Ұлттық палата бірнеше мәрте мәлімдеді.

Оның үстіне, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабына өзгерістер енгізу қажеттігі баса айтылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның теңізбен тасымлдаушыларын дамыту мәселесін бөлек атап өтті. Өз кезінде, Өнімді бөлу туралы келісімнің (ҚБТК) және ҚР-да шктеулі уақыт ішінде үлкен жобаны іске асыру үшін талап етілетін кемелердің жоқтығы негізінде Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңға Каспийде шетелдік кемелердің филиалдар арқылы Қазақстан жалауы астында жүзу мүмкіндігі бойынша өзгерістер енгізілді. Алайда, қазір Қазақстан теңіз флотының дамығанын көріп отырмыз, тиісінше салалық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

 Теңіз кемелерін кері тиеуге тартуға ерекше назар аударылды, мән-жай мынада: олар (құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер, паромдар) жүкті әкеледі де, қайтарда бос кетеді. Қатысушылар салалық  Қауымдастықтармен теңіз тасымалдарын тиісті жүк базасымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажеттігі шешіміне келді.

 «Ұлттық палата бұл мәселені ҰКП Президиумының Комитеттерімен пысықтайды. Ұсыныстар жасалып шығарылады. ҚТЖ порттар арқылы контейнерлермен тасымалдауды толық қолдайды және төмендетуші коэффициенттер мен мөлшерлемелері қарастыруға дайын», - деп хабарлады Басқарма Төрағасының орынбасары

Бұдан басқа, ол Әзерайжан Республикасындағы мемлекеттік субсидиялау үлгісімен отандық теңіз тасымалдаушыларын жүк тасымалдауды жүзеге асырған кезде мемлекеттік қолдау бойынша халықаралық тәжірибені Қауымдастықпен бірлесіп зерделеу қажеттігін атап өтті.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясының өкілі  Қазақстандық және шетелдік кеме қатынастарының барлығы үшін бағаның бірдей болуы қажеттігін немесе тағы бір нұсқа ретінде шетелдік компаниялар үшін тарифті көтеру қажеттігін бөліп көрсетті.

Сонымен қатар теңіз  көлігі саласы мамандарының кадрлық әлеуетін арттыру тақырыбы қозғалды.

Сала өкілдері Қазақстанның теңіз көлігі саласының мамандарын дайындайтын оқу орындары түлектерінің дипломдарын халықаралық деңгейде мойындау мәселесі осы уақытқа дейін шешілмей отырғанын атап өтті. Білім және ғылым министрлігі тарапынан түсіністік қажет. «Атамекен» тиісті ұсыныстарды дайындап, уәкілетте мемлекеттік органдарға жолдады.

Өз кезегінде, Николай Юдин саланың проблемалық мәселелері  «Атамекеннің» арқасында шешілетінін атап өтті.

«Ағымдағы барлық проблемалық мәселелер , оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында айтылған мәселелер мен оларды шешу қадамдары «Атамекен» Президиумы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасымен бекітілген Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің 2018 жылға арналған Жол картасына енгізілуі тиіс, - деп атап өтті Николай Юдин.

«Атамекен» сонымен қатар «Кеме иеленушілер мен теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТТҰ-мен шоғырлану ұсынысын берді.

«Шоғырланудың жоқтығы нормативтік құқықтық актілерді сараптауда да, сол сияқты су көлігі саласын дамыту қызметін жүзеге асыруда да теріс көрініс табады. Бірігу сала жұмысын күшейтіп, оны жаңа деңгейге шығарады», - деді Елдос Рамазанов.

Жалпы алғанда, саланың барлық жүйелік проблемалық мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамыту бойынша тиісті бағдарлама қабылдау қажет, ол теңіз порттарының транзиттік әлеуетін Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы мультимодалды көлік тораптары ретінде тиімді пайдалануды арттыру, кадрлар әлеуетін жоғарылату, теңіз тасымалдаушыларының қызметтер көрсету нарығын дамыту, Каспийде теңізбен тасымалдау дың қауіпсіздігін жоғарылату, саланы инновациялық дамыту сияқты және т.б. мәселелерді қамтиды.

Жұмыс апары кезінде  Елдос Рамазанов Ақтау теңіз порты мен Құрық портына барды.

Құрық порты Қазақстандағы жаңа және қуаты бойынша екінші орындағы порт болып табылады, ол келешекте елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырып, Каспий өңіріндегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатады.

Құрық портының қызметкерлері атап өткендей, қазіргі уақытта жүкті ауыстырып тиеу көлемі 1 млн. тоннадан асты.

Қазіргі уақытта порт құрылысының екінші фазасы – автомобиль құрамдасын іске асыру жүргізілуде, оны пайдалауға қосу жүкті ауыстырып тиеу көлемін жылына 7 млн. тонна мөлшерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Теміржол мен автомобиль жолының бар болуы Құрық портына бірқатар артықшылықтар береді, оның ішінде халықаралық көлік дәліздері бойымен жүк тасымалдаудың мультимодалдығы жағдайларында оны логистикалық тізбектің негізгі пунктерінің бірі етеді.

Ақтау порты Каспий басейні елдерін өзара байланыстыратын стратегиялық  маңызды көлік торабына айналды.

Бүгінгі таңда Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты  әртүрлі жүк түрлерін халықаралық тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.

Елдос Рамазанов «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық  компаниясы» АҚ  президенті Абай Түрікпенбаевпен порттың ағымдағы мәселелерін талқылады, порттың контейнерге жарамды жүкпен қамтамасыз етілгендігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

//atameken.kz Сайтына сілтемемен