«Су көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемелары» тақырындағы дөңгелек үстел
2014 жылғы 23 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы мемлекеттік органдардың, ұлттық кеме қатынасы компанияларының, теңіз индустриясының қоғамдық қауымдастықтарының өкілдерін қатыстырумен«Су көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемелары» тақырындағы дөңгелек үстелін өткізді.
Қазақстанның Бас көлік прокурорының орынбасары Асылбек Түрікбайұлы Әбдірайымовтың басшылығымен еліміз үшін жаңа сала болып табылатын сауда мақсатында теңізде жүзудің жинақталған проблемаларын ықыласты жағдайда ашық және жан-жақты талқылады.
Сөйлегендер елімізде осы уақытқа дейін Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік реттеудің толыққанды жүйесі жоқтығын атап өтті. Қазақстан теңізде жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша Халықаралық конвенцияларға қол қойған кезде өзіне қабылдаған Жалау елі және Порт елі міндеттерін толық орындамай отыр.
Пікір алмасу кезінде таяудағы уақыт ішінде шешу қажет болып табылатын негізгі проблемалар қалыптастырылды.
Салалық министрлікте ХТҰ талабы бойынша Қазақстан Республикасы Теңіз әкімшілігінің стратегиялық функцияларын жүзеге асыратын, кеме қатынасының қауіпсіздігін басқару, су жолдарына қызмет көрсету, кемелердің қозғалысын басқару, теңіздегі жазатайым оқиғаларды тексеру, теңіз ортасын қорғау, навигациялық құралдар мен жүйелерді бақылау, кемелерді тіркеу, теңізде іздеу және құтқару және көптеген т.б. үшін жауап беретін бейінді ведомство жоқ.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында кемелердің қозғалысын және құтқару операцияларын басқару жүйесін құру қажет, сонымен қатаргидрографиялық қамтамасыз етуді жаңғырту керек.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының бас директоры басқа да мәселелремен қоса, Қазақстанның толыққанды Халықаралық кемелер тізбесін жасау қажеттігі және ұлттық флотты жаңарту және дамыту үшін және салықтық және кедендік заңнаманы жетілдіру есебінен теңізбен тасымалдау нарығындағы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мәселелерін көтерді.
Жалпы алғанда, Дөңгелек үстелдің отырысы іскери, шығармашыл жағдайда өтті және осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізіп тұру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.