ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитетінің 16-шы отырысы

13 қыркүйекте ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитетінің 16-шы кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс Комитет төрағасы, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалық етуімен, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, Комитет мүшелерінің, салалық қауымдастықтар, бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

 Отырыс барысында ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының кіші комитеттерінің проблемалық мәселелері тыңдалды. Соның ішінде Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Николай Юдин сөз сөйледі. Н.Юдин ЕАЭО шеңберінде Кеме қатынасы туралы келісімге тез арада қол қоюдың, отандық теңіз тасымлдаушыларын мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етудің, нормативтік-құқықтық базамен және білікті кадрлармен қамтамасыз ету жолымен Ақтау халықаралық теңіз портын шығынсыз жұмысқа шығарудың, порттағы теңіз әкімшілігінің қызметін белсендендірудің және жетілдірудің маңыздылығына баса назар аударды.

Жұмыстың нәтижелері бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.