Теңіз көлігін дамыту және теңізде жүзудің қауіпсіздігін жоғарылату тақырыбындағы дөңгелек үстел

Ағымдағы жылғы 28 шілдеде Ақтау портында  «Теңіз көлігі саласын одан әрі дамыту және Каспий теңізінде  теңізде жүзудің қауіпсіздік деңгейін жоғарылату» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараны ұйымдастырушылары - Қазақстан Бас прокуратурасының бас көлік прокуратурасы, Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігі, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты.

Каспийдегі қауіпсіздік мәелелерін талқылауға Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы Бас прокуратураларының өкілдері, арасында:  «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС, «KTZ Express shipping» ЖШС, «Құрық» порты» ЖШС, «NCOC» бар 20-дан аса кәсіпорынның мүдделерін білдіретін қатысушылар атсалысты.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Орманов Марат Көшкенбайұлы Отандық сауда флотын дамытудағы Қазақтеңізкөлікфлотының рөлі және саланың преспективалары туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:- теңіз тасымлдарын дамыту және сауда флотының  бәсекеге қабілеттілігін арттыру; -Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру бойынша теңіз операцияларындағы отандық флоттың үлесін ұлғайту; - Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы экологиялық қауіпсіздікті жоғарылату; -   Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы навигациялық қауіпсіздікті жоғарылату; - теңіз көлігіндегі кадрлар әлеуетін дамыту.