Еуразия экономикалық комиссиясы Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультациялық комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің 12-ші отырысы өтті

2017 жылғы 24 мамырда Мәскеуде Еуразия экономикалық комиссиясы Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультациялық комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің 12-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Ресей, Белоруссия жіне Қазақстан өкілдері, оның ішінде Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдері – Юдин Н.В., Қауымдастық директоры Уәлиева А.Т., «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры қатысты.

Отырыста су көлігінің аса маңызды мәселелері қаралды, атап айтқанда:
  • Еуразия экономикалық одағы туралы 2014 ж. 39 мамырдағы Шарттың ережелерін жетілдіру
  • «Еуразия экономикалық комиссиясы мен Халықаралық теңіз ұйымы арасындағы өаза түсінушілік туралы меморандум жобасы туралы» Еуразия экономикалық комиссиясы Алқасының Шешімінің жобасы.
  • Еуразия экономикалық одағының ішкі нарығында су көлігі саласындағы шектеулер мен алып тасауларды жою бойынша «жол карталарын» дайындау.
  • Кедендік Одақтың 2012 ж. 15 маусымдағы «Шағын өлшемді кемелер қауіпсіздігі туралы» ТР КО 026/2012  Техникалық Регламентінің түсініктер аппаратын «палубалы кеме» түсінігімен  толықтыру.
  • Еуразия экономикалық комиссиясы Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультациялық комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитеті мүшелерінің құрамы.

Жұмыс нәтижелері бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.