Ақпараттық хабарлама. Бизнесмендерге дауларды тез және беделге зиян келтірмей әрі жол-жөнекей сот шығындарын елеулі үнемдей отырып шешуге көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында Төрелік орталық құрылды
Бизнесмендерге дауларды тез және беделге зиян келтірмей әрі жол-жөнекей сот шығындарын елеулі үнемдей отырып шешуге көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында Төрелік орталық құрылды. Төрелік орталықтың құрылтайшылары ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы болып табылады.
ОРталық іс жүзінде 1993 жылы құрылған ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік соттың құқықтық мираскері болып табылады және оның дауларды объективті шешу дәстүрлерін жалғастыруда. Төрелік орталықта сіз кез келген шаруашылық дауды шешуіңізге болады. «Атамекеннің» Төрелік орталығында жоғары біліктілігі мен төрелікте іс қарау бойынша елеулі тәжірибесі бар кәсіби мамандардан тұратын тқрешілер тізбесі бар. Процедуралардың қолжетімділігі, объективтілігі және қарапайымдылығы қағидаттарын ұстана отырып, Төрелік орталық шаруашылық қызметте туындайтын дауларды барынша аз мерзім ішінде тиімді және объективті қарауды өз мақсаты етеді.
«Атамекеннің» Төрелік орталығының қызметі білікті заңгерлік консультациялар беруге және дауды бала тәілдермен (медиация, татуластыру процедуралары) шешуге жәрдем көрсетуге бағытталған. Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардағы кәсіпкерлердің Өңірлік палаталарында «Атамекеннің» Төрелік орталығының қызметіне жәрдем көрсететін өкілдер бар. Өзіңіздің бизнесіңіз туралы алдын ала қам жеңіз, төреліктің барлық бірегей артықшылықтары туралы Төрелік орталықтың www.aca.kz сайтынан қарап біліңіз.