ҚР теңіз саласындағы проблемалар мен перспективалар туралы
Осы жылдардың ішінде отандық компаниялар жаңа флотпен толықты және белгілі бір даму жүзеге асырылуда
27 қарашада «Атамекен» алаңында ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысы өтті. Іс-шара Кіші комитеттің төрағасы, ҚР Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығының атқарушы директоры Николай Юдиннің төрағалық етуімен, Басқарушы директор - ҚР «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Рустан Дженалиновтің, Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлік қызметкерлері одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетовтің, салалық ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен өтті.
Отырыс барысында Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Николай Юдин ҚР теңіз саласының дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар проблемалық мәселелерді айтты, атап айтқанда олар: шетелдік кемелердің ҚР мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығы, су көлігі саласының отандық біліктілік шеңберлерін және кәсіби стандарттарын әзірлеу, Ақтау/Құрық теңіз порты арқылы мұнай және басқа да жүктерді тасымалдаудың көлемдері, қазақстандық сауда кемелеріне жүктің басымдықпен тиелуін қамтамасыз ету, сонымен қатар Каспий теңізіндегі мұнай төгілулеріне ден қою бойынша қажетті шаралар.
«Осы жылдардың ішінде отандық компаниялар жаңа флотпен толықты және белгілі бір даму жүзеге асырылуда. Алайда, қазіргі уақытта ұлттық флот каботаждық тасымалдау салдарынан елдің ішкі нарығында қызметтер көрсету мүмкіндігіне қиындықпен ие болуда, ал оның негізгі бөлігі тұралап қалды және үлкен залал көтеруде, өйткені «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабында жазылған шарттар кедергі болып табылады», - деп атап өтті Н.Юдин.
« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Заңымен «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабы 5-ттармақпен толықтырылды.
11-бап. Кеменің ұлты. Право плавания под Государственным флагом Қазақстан Республикасы .
- Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша:
1) қазақстандық жалға кеме алушыға;
2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін. ҚР ТЕҢІЗ САЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР ТУРАЛЫ
Кеме иеленушілер мен теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы Президенті Раиса Адамова мәселенің маңыздылығын және ойластырылмаған шешім қабылдау жалпы сала бойынша бірқатар теріс салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
«Қауымдастық «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабына өзгеріс енгізуге үзілді-кесілді қарсы. 2017 жылғы сәуірде кеме иеленушілер қауымдастығы баптың өзін емес, 2010 жылы Үкіметтің қаулысымен енгізілген толықтыруларды алып тастау керектігін ұғындырып, түсініріп берді. Каспийде адал бәсекеге қабілеттілікті даму үшін ешқандай қатер жоқ. Халықаралық кеме иеленудің алдындағы Қазақстанның міндеттемелерінің қайда екендігін және ішкі операциялардың қайда екендігін айқын түсіну керек. Инфрақұрылым да маңызды мәселе. 300 бірліктен аса кеме Каспийде жұмыс істеуге қатыстырылған», - деді Раиса Адамова.
«Каспиан Оффшор Контракшн» компаниясының өкілі Александр Бураков «ӨБТ бойынша шетелдік кемелерің барлығы Қазақстан туының астында. Егер біз бұл кемелердің тек бізді ғана жүретінін түсіндірсек, онда бұдан әрі қарай ешқандай проблема болмайды. Егер мәселелер бірдей түсінілмесе, онда компромисс іздеу керек. Заңнаманы қозғап қажеті жоқ, шешімді заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерден іздейік», - деп қосты.
Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБТК) инвестор мен мемлекет арасындағы коммерциялық келісімшарт болып табылады. ӨБТК-ге сәйкес, мемлекет инвесторға жер қойнауын игеруге айрықша құқық береді, ал инвестор мұндай игеруді өз күштерімен және өзіне тәуекел алып жүргізу міндеттемесін қабылдайды.
«Өмір бір орында тұрмайды. Заң қабылданды, бірақ біз қазір күтіп отырмауымыз керек. Саланың дамуы үшін 7-8 жыл бұрын қабылданған нормаларға өзгерістер енгізу талап етіледі. Бұрын флот пен мұнай өндіру жоқ болды, қазір отандық флот көтерілді және шетелдік кемелермен тең бәсекелесе алады. Талдауды келешек тұрғысынан жасайық», - деп қосты Қанат Әлмағамбетов.
«OMS SHIPPING» ЖШС бас директоры Сергей Ворожейкин ЕАЭО туралы шарттың шеңберінде Кеме қатынасы туралы келісімнің жобасын талқылаған кезде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабына енгізілген жоғарыла айтылған өзгерістер Ресейдің ішкі су жолдарымен кемелердің транзиттік өтуінің ескертпе тәртібінен бас тарту себептерінің бірі болды. Бұл бапты сәйкестікке келтірмейінше, Кеме қатынасы туралы келісімге рұқсат ету тәртібінен ескертпе тәртібіне көшу жөнінде өзгерістер енгізіледі деп сенім артуға болмайды.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бас директорының орынбасары Алтынай Уәлиева ЕАЭО шеңберінде Кеме қатынасы туралы келісімге биыл қол қою жоспарланып отырғанына баса назар аударды.
«2019-2020 жылдары өзгерістер енгіуге мүмкіндіктер болады. Мәселені жауып қоюға болмайды, өзгерістер енгізуден болатын әсер мынада: тармақтың шеңберінде жұмыс атқарып жатқан кемелердің өзі 2-3 жылдан соң керек етілмей қалады. Қазақстан амортизацияланған кемелер алады, басқа операторлар жаңа кемелер әкеле бастайды. Жақсылап талдау жүргізу керек», - деп атап өтті Алтынай Уалиева.
«NCOC» және «PSA» компанияларының өкілдері «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабына өзгерістер енгізудің қажеті жоқ, өйткені бұл компаниялардың қызметі Қашаған жобасының акваториясының шегінен шықпайды және пайдаланылудағы кемелер тек Қашаған жобасымен ғана байланысты арнайы жұмыстарды орындауда деген позицияларын білдірді.
Басқарушы директор - ҚР «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің директоры Рустан Дженалинов уәкілетті органға саланың барлық қатысушыларының мүдделерін ескеру мақсатында реттеушілік әсерді талдау жүргізуді ұсынды.
Бұдан басқа, Кіші комитеттің қатысушылары Ақтау/Құрық порты арқылы мұнай және басқа жүк тасымалдаған кезде Оңтүстік бағытты сақтау және қолдаудың тиісті механизмін қүрудың қажеттігін атап өтті (бәсекеге қабілетті тариф қалыптастыру, Қазақстан жалауы астындағы кемелерге порттарда босаңдық жасау, қазақстандық кемелерге жүкті басымдықпен тиеу үшін НҚА әзірлеу, тариф мөлшерлемелерін субсидиялау және т.б.).
Сонымен қатар талқылау барысында Каспий теңізіндегі мұнай төгілулеріне ден қою бойынша қажетті шаралар туралы мәселе қаралды, өйткені Каспий теңізінің Қазақстандық секторының мұнай және газ ресурстары бойынша орасан зор әлеуеті бар, бұл мұнайдың апатты төгілуін жою бойынша қызметтер көрсетуге елеулі сұраныс болатынының болжамы болып табылады.
Теңізде бетінде мұнайдың ықтималды жылыстауымен немесе кейіннен төгілуімен байланысты теңіздегі ықтималды апаттық жағдайларға жол бермеу және оларды болдырмау мақсаттарында Кіші комитет мүшелері мұнайдың апатты төгілуін жою жөнінде уәкілетті орган құру мәселесін қарау қажеттігі туралы шешім қабылдады.
Отырыстың қорытындысы бойынша, Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің мүшелері ҚР Үкіметінің, мемлекеттік органдардың тарапынан отандық флотты және алпы саланы дамыту үшін қажетті қолдау қамтамасызетілуі тиіс деген позиция білдірілді.
http://atameken.kz сайтына сілтемемен