Каспийдегі төтенше жағдайларға қызметтердің дайындығы Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысындағы негізгі мәселе болды
2018 жылғы 14 ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ алаңында ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитетінің Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы К.К. Алпысбаевтың төрағалық етуімен өтті. Отандық және шетелдік кемелер үшін тең шарттарға қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасы Төрағасының орынбасары Рамазанов Е.М., кіші комитет мүшелері, салалық қауымдастықтардың, бизнес – қоғамдастықтардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кіші комитет төрағасы Юдин Н.В. ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитеті мен Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырыстарында 2017 жылы жасалып шығарылған ұсыныстардың орындалуы туралы ақпаратпен сөз сөйледі. Ол 2017 жылдың шешілмеген проблемалары арасынан мыналарды атап өтті: құқығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабына өзгерістер енгізу жолымен шешілуі тиіс Каспий теңізінде филиалдар арқылы қызметтерін жүзеге асыратын шетелдік кемелердің ҚР мемлекеттік жалауы астында жүзуі, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемдерін төмендету туралы, сонымен қатар Қазақстанның сауда кемелеріне жүктің басымдықпен тиелуін қамтамасыз етуге қатысты мәселелер.
Төгілген мұнайды жою кезіндегі жауапкершілік күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды. Кемелерден және белгісіз көздерден мұнайдың төгілуіне ден қою, мұнай өндірушілер мен порттардың операторларының МАТЖ ресурстарының дайын болуы, табиғаты қорғалатын аймақтың (жағалаудың) сезімталдығын анықтаумен қоса, мұнайдың төгілуіне сезімтал аймақтардың картасы, жою жұмыстары кезеңінде кемелерден және белгісіз көздерден мұнайдың төгілуі сценарийін болжау және басқа. «KMG Systems&Services» ЖШС . техникалық директоры Қоспаев А.А. проблемаларды шешу үшін талқыланатын сұрақтарды тізіп өтті. Сонымен қатар ол МАТЖ бойынша лицензия алатын компаниялардың сәйкестігін, яғни техникалық жарақталуын, білікті персоналдың болуын және т.б. тексеретін уәкілетті органды анықтаудың қажеттігі туралы қоса айтты. Қызу талқылау жалғасып, сала өкілдері бұл мәселелердің Ұлттық жоспарда көрсетілгенін айтты.
Алпысбаев К.К. теңіз әкімшілігінің стандартты емес төтенше жағдайларға ден қою ресурстарының жоқтығын атап өтті, осыны және төтенше жағдайларға ден қою ұйымдарымен өзара қарым-қатынастар тұрғысынан айқынсыздықты ескере отырып, Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің жұмысы шеңберінде нормативтік құжаттарды нақтылап зерделеуді, сонымен қатар Каспий маңындағы шекаралас мемлекттердің іс-тәжірибесін талауды ұсынды.
Сонымен қатар ҚР ИДМ Көлік комитетінің су көлігі басқармасының басшысы К.Н. Тілепов су көлігі саласындағы қызмет пен 2018 жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда: порт инфрақұрылымын арттыру, Ақтау портының қаржылық ахуалын тұрақтандыру, жаңа жүктерді тарту шарттарын жасау. Отандық флоттың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін ескі кемелердің кіруі бойынша шектеулер енгізу ұсынылды.
Отырыстың барысында бірқатар ұсыныстар қаралды және енгізілді, осыны ескерумен ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымалдау комитеті Су көлігі жөніндегі кіші комитетінің 2018 жылға арналған Жол картасы бекітілді.
«KAZLOGISTICS» СТК бас директоры Әлмағамбетов К.Е. кәсіби стандарттар әзірлеудің барысы туралы ақпарат беріп, салалық шеңберлер әзірлеу қажеттігіне қатысты мәселені көтерді, Кіші комитет мүшелеріне Одақтың сайтындағы (http://kazlogistics.kz ) «КӨЛІКТЕГІ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКАДАҒЫ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕР» тарауынан автомобиль көлігінің ұсынылған кәсіби стандарттарын қарауды ұсынды.
Қорытындылай келе, Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Алпысбаев К.К. қатысушыларға атқаған жұмыстары үшін алғыс білдірді және су көлігінің мәселелерін шешуде табыс тіледі.
//kazlogistics.kz сайтына сілтемемен