Қазақстан флоты тағы бір бірегей кемемен толықтырылады

Қазақстан туралы әрқашанда ашық теңізге шығысы жоқ ел ретінде айтылып келді. Алайда бұл ұлттық кеме қатынасы компаниясын құрып, 20 жылдың ішінде отандық флотты алдыңғы деңгейге шығаруға кедергі болған жоқ. Бүгінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС тапсырысы бойынша бірегей кемелер жасалуда, олар Қазақстан жалауының астында елден алыс жерлерде жүреді.

Қалай басталғаны есіңде ме…

1998 жылы Қазақстан жаңа астанаға ие болды. Осымен бір уақытта мемлектті барлық бағыттарда дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Осындай ұшқыр және қандай да бір жірежеде ел үшін қиял болып көрінген міндеттердің бірі (ол кездері солай болып көрінген) болып өз сауда флотымызды құру қойылды.Оның үстіне қысқа мерзім ішінде.

Сонымен 4 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен   "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлтық теңіз кеме қатынасы компаниясы құрылды. Ол отандық жүкті өз күшімен халықаралық тасымлдаумен айналысуы тиіс болды..

Ол кезде оның болашағын божағандар аз еді, өйткені Қазақстанның әлі бір де бір кемесі және де теңіз көлігімен жұмыс істеу бойынша жаһандық тәжірибесі жоқ болатын.

Жол табылды. ҚТКФ кемелерді жалға алды, сонымен 2001 жылы тарихта алғаш рет Қазақстан Ақтау - Махачкала және Ақтау – Баку бағыттары бойынша жүк тасымалын бастады. Бір жылдан кейін Некаға (Иран) көмірсутекті шикізат тасымалдау жолға қойылды.

Алғашқы қарлығаштар

Алғашқы меншікті кеме – ҚТКФ-1

Бірақ мұндай шарттармен жұмыс істеуге көңіл тола қоймады, ұлттық компания болып табылатын "Қазақтеңізкөлікфлотының" арманы өз меншігіне кемелер алу болды. 2003 жылы компанияның иелігіне бірінші меншікті кеме – символикалық "ҚТКФ-1" атауы берілген магистралды буксир келіп жетті, ол сонымен қатар теңіз операцияларын қолдайтын кеме де болды. ҚТКФ- 1, буксир және теңіз операцияларын қолдайтын кеме.

Сол жылы-ақ Баутино портында теңіз операцияларына қолдау көрсететін меншікті база пайдалануға берілді. Осылай, "Қазақтеңізкөлікфлоты" Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде көмірсутек кен орындарын игеру шеңберіндегі жұмыстарға, соның ішінде «Қашаған» кен орнын игеру жобасы бойынша жасанды аралдар салу үшін тас жыныстарын тасымалдау жұмысына кірісті.

Компанияның алғашқы баржаларының бірі – ҚМГ-102

Буксирден кейін кеме қатынасы паркі негізгі компания«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрметіне аталған ҚМГ-101 және ҚМГ-102 баржа-алаңдармен толықты. Олар 3600 тоннадан жүк тасымалдауға қабілетті болды.

Ал тағы бір жылдан соң Каспий жағасында Ақтауда бірінші отандық мұнай құятын танкер «Астананы» қарсы алды. Содан бері оларды Қазақстан қалаларының құрметіне атау дәстүрі қалыптасты.

Теңізбен бір толқында

Бүгінгі таңда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бас директоры Марат Орманов болып табылады – ол теңіз рухымен қуаттанып, судың дүлей күші өмірінің мәніне айналған адам. Мамандығы бойынша ол теңіз инженері, ҚТКФ-та бас директорлың орынбасары қызметін атқарып жүрген кезінде отандық флот кемелерін жасауға өзі қатысқан. Компанияға бір кездері жобалаушы инженер қызметін атқаруға шақырылған Астрахань жоғары оқу орнының кеме жасау факультетінің деканы Илья Бойцунмен бірге олар макет жасап, болашақ «Астана» танкерінің техникалық сипаттамаларын ойластырды.

ҚТКФ бас директоры Марат Орманов

«Инеренлік іске тереңдеу қызықты болды. Оның үстіне, қасымызда Илья Александрович сияқты мықты мамандар тұрғанда. Біз онымен бірге алдымен «тізерлеп жүріп» бірінші танкердің суретін салдық. Каспий теңізінің ерекшеліктерін ескеру керек болды – ол таяз, кез келген кеме онымен жүзе бермейді. Выборг кеме жасау зауытының арқасында біз өз жобамызды іске асырдық», - деп күлімсірей еске алады Марат Орманов.

Ол ҚТКФ-қа 2001 жылы келген, енді міне өзінің еңбек жолындағы 17 жылын компанияға арнап отыр. Бүгіне басщыһшылық ете отырып, ол компанияны сенімді бағытта алға бастап келеді.

Құрылғаннан бері компанияның бас кеңсесі Алматыда болды. 2004 жылы оны тікелей Ақтауға, жұмыс атқарылып жатқан жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл бас кеңсесі ел астанасында емес, өңірде орналасқан Қазақстандағы жалғыз ұлттық компания.

Сынақтар мен жетістіктер жолы

ҚТКФ қызметінің барлық тұстары оң сәттерден құралмаған. Ұзақ жолға шыққан кез келген кеме сияқты,  компания кей кездері дауылға да ұрынып отырды.  Бас директордың орынбасары болған Марат Орманов ол сәттерде  теңізшілермен өзі кездесіп, прооблемалар жайында ашық сөйлесті.

«Біз кеме қатынасының әртүрлі компанияларында жұмыс істеп көрдік, олардың арасында бүкіл әлемге әйгілілері де бар. Бірақ мұндай қарым-қатынас -  басшылықтың өзі келіп, кеме экипажымен жеке сөйлесуі – сирек кездеседі. Бұл біз үшін өте жағымды, бұл жаны ашығандықты және немқұрайлы еместікті білдіреді», - деп ойларымен бөліседі ҚТКФ-та келісімшарт бойынша жұмыс істейтін теңізшілер.

Марат Орманов теңіз кемелерінің экипаждарымен қазірде де кездесіп тұрады және мұны өз жұмысының міндетті аспектісі ретінде санайды.

«Егер бірінші басшы қарамағындағы жқмыскерлермен тікелей қарым-қатынаста болмаса, онда компаниядағы жағдайды толық түсіну мүмкін емес. Мен үшін бәрін біліп отыру маңызды, менің өзім де кезінде тікелей осы лауазымдарды атқарғанмын. Біздің кемелерімізге барып, механиктермен, матростармен, капитандармен сөйлесу, жағдайды алдымен солардан естіп-білу қашанда ұнайды» , - деп жылулықпен әңгімелейді бас директор.

"Есіл" және "Тобол"  магистралдық буксирлері

Қиындықтар жеңілгеннен кейін, белсенді жұмыс істеу кезеңі жетіп отырды.Тапсырыстар көбея бастады, ал мақсаттар – ауқымдырақ бола түсті. Оларға қол жеткізу үшін ресурстар қажет болды.

Сондықтан ҚТКФ ресейлік "Красное Сормово" зауытымен әрқайсысысынң дедвейті 13 мың тоннадан үш мұнай құю танкерін жасау бойынша  ынтымақтаса жұмыс істеуді бастады.

Рекордтық үш айдың ішінде олардың біріншісі  – "Атырау", ал кейінірек "Ақтөбе" мен "Орал" жасалып бітті. Бұл кемелердің пайда болуы қазақстандық флоттың тұрақты дамып келе жатқанын және тасымлдар көлемінің өскенін дәлелдеді.

2011 жылы "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз тамсымалдаушысы мәртебеін алды.

Алғашқы меншікті "Афрамакс" – "Алтай"

Алғышқы екі ірі тоннажды Aframax типті танкерлерді сатып алу орасан қор оқиғаға айналды. «ҚазМұнайГаздың» ұзақмерзімді стратегиясын іске асыру мен «Самұрық-Қазынаның» қолдауының арқасында бұл өр идеяның жүзеге асырудың орайы келді. Батумида әрқайсысының дедвейті 115 мың тоннадан, еліміздегі таулардың құрметіне аталған осы таңданарлықтай "Alatau" және "Altai" кемелерін   қабылдап алу салтанаты өтті. Небәрі 10 жыл бұрын мұндай жобалар туралы армандауға батылымыз да бармайтын еді, ал бүгін – бұл кезекті жетістік.

Біртіндеп, алайда жедел қарқынмен белігіл бір жағдайларда жұмыс істеуге есептелген жаңа кемелер жасала бастады. Олардың әрқайсысының өз тарихы бар, әрқайсысы өзінше құнды және бірегей. Компанияда қуатты "Афрамакстарға" да, сол сияқты таяз суларға арналған буксирлерге де ерекше сезіммен қарайды, олардың барлығы да күрделі де бірегей міндеттерді орындайды.

"Ембі" мен"Талас" построены Голландия верфінде жасалды

Өткен жылдың аяғында флот тағы да үш мамандандырылған "Барыс", "Бүркіт" және "Сұңқар" кемелерімен толықты, олар өлшемсіз жүктерді тасымалдауға арналған. Өздеріңіз сезіп отырғандай, бұл кемелер Қазақстан фаунасының өкілдері құрметіне аталған. Сонымен қатар ҚТКФ тапсырысы бойынша флагмандық верфьтердің бірі – Голландиядағы Damen-де жасалған "Талас" және "Ембі" буксирлері алынды (өзендеріміздің құрметіне аталған). Бір кездері Марат Орманов, өзінің айтуынша, осы зауытқа қызығып, онда жасалып жақан кемелерге таңдана қараған екен. Бұл арман да іске асарлық болып шықты. Жаңа жоба үшін  ҚТКФ "AlHilal" исламдық банкінен кредит сұрап өтініш жасады, бұл банк Қазақстанда мұндай жобада  бірінші рет жұмыс істей бастады. Бұл келісімшартбойынша үшінші буксир да биылғы жылы-ақ басқа кемелердің қатарына қосылады.

Бүгінде "Қазақтеңізкөлікфлоты" тек өзінің ғана жүк тасымалдауын орындамайды, сонымен бірге өз флотын фрахтқа береді,үлкен мұнай жобалрына қызмет көрсетеді. Тағы бір маңыздықызмет түрі – теңізге мұнайдың апаттық төгілуін жоюға қатысу, өйткені Қазақстан бұлжұмысқа маманданған компания жоқ.

Желтоқсанда  ҚТКФ-қа 20 жыл толады.  Бұл еліміз үшін тарих ауқымында соншалықты қысқа, бірақ жемісті кезең болып табылады. Қазір "Қазақтеңізкөлікфлотының" кемелері  саланың жүздеген жылдар бойы жұмыс істеп келле жатқан әлемдік көшбасшыларымен қатар жұмыс істеп жүрсе, тіпті бәсекелессе, басқа не деуге болады.

https://www.nur.kz сайтына сілтеме