Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының 2017 жылғы 6 маусымда Сочи қ. (Ресей Федерациясы) өткен көлік саласындағы кеңесіне қатысты
Мәселелерді талқылау барысында Одақ кеңістігінде көлік бойынша өзара іс-қимылдар саласындағы бірқатар өзекті мәселелер жөнінде келісілген шешім қабылданды. 2018-2020 жж. арналған «Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары және іске асыру кезеңдерін» іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының («жол картасыынң») жобасы оны Еуразия экономикалық одағы органдарының қарауына енгізу үшін мақұлданды.
Өз кезегінде Кеме қатынасы туралы келісім жобасымен сараптамалық жұмыс аяқталды және оны қол қоюға дайындау процедураларына бастамашылық ету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жұмыс нәтижелері бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.