ҚР ИДМ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді
Қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірлерін білдіру мақсатында Астанада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын талқылау бойынша бірінші қоғамдық тыңдаулар өтті.
Іс-шараға ҚР инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ҚР энергетика жөніндегі Бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Александр Андрющенко, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, бизнестің және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты.
Тыңдау барысында ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев сөз сөйлеп, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының негізгі ережелерін ҚПҚ-ға қатысты түсіндірді. ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары Сәкен Шәкіров «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының негізгі ережелерін КСШ-ға қатысты түсіндірді. Сонымен қатар, ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің геология және жер қойнауын пайдалану комиссиясының төрағасы Төлеу Шеңгелбаев және «OlympexAdvisers» ЖШС басқарушы серіктесі, Кодекс жобасын әзірлуге қатысушы Дияр Ергешев баяндама жасады.
Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес хатшысы баяндамалардың мазмұны, Кодекс жобасы бойынша білдірілген пікірлер мен жасалып шығарылған ұсыныстар көрсетілген Хаттаманы екі күн ішінде береді, ұсыныстар ҚР ИДМ ресми сайтында және БАҚ-тарда жарияланады.Кодекс жобасы бойынша берілген ұсыныстарды мемлекеттік органдар, ұйымдар, МЕҰ және т.б. қарайтын болады.
Мемлекет башысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өту қажет.
Кодекстің жаңа жобасында келесі тұжырымдамалық өзгерістер көзделген:
– «Бірінші келді - бірінші болып алды» қағидаты лицензиялық тәртібін ендіру жолымен Австралия моделіне ұқсастық бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдету;
– қорларды бағалаудың халықаралық тәртібіне көшу;
– геологиялық ақпаратқа және оны цифрлық форматқа көшіруге ашық қолжетімділік беру;
– жалпы таралған пайдалы қазбалардың тізілімін қайта қарау;
– кеніштерді жапқан кезде елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кен орындарын тарату жөніндегі ережені күшейту;
– жер қойнауын пайдалануға арналған қолданытағ келісімшарттар үшін тұрақтылық кепілдіктері қарастырылған және т.б.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының толық мәтіні ҚР ИДМ ресми интернет-ресурсында орналастырылған: www.mid.gov.kz.