Кеме жасау және кеме жөндеу саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс кеңесі өтті
2017 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласфнда кеме жасау және кеме жөндеу саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс кеңесі өтті, оны «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұйымдастырды. кеме жасау және кеме жөндеу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Гидроаспап» ҒЗИ» АҚ, «Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өкілдері және т.б. қатысты.
Кеңеске қатысушылар Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының көлемдерін арттыру үрдістері мен теңіз көлігінің инфрақұрылымының проблемаларын , соның ішінде әртүрлі кемелермен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі, олардың техникалық күйі, тозу дәрежесі, теңізде жүзу қауіпсізігі проблемелерін ортаға салды. Сөз сөйлегендер: - құтқару, өрт сөндіру, теңіз операциялары флотының және мқнай төгілулерін жоятн кемелерінің тапшылын; - Каспийде туристік қызметті дамыту үшін кемелер сатып алу мүмкіндігі; - ішкі су флотын жаңарту қажеттігін атап өтті. Қатысушылар отандық кеме жасау кәсіпорындарындакеме жасауды және кеме жөндеуді, соның ішінде кеме жасау өнімдері мен кемелерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу қызметтерін жеткізу есебінен одан әрі дамыту қажеттігімен келісті.
Талқылаулардың қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының импортты алмастыру бағдарламасының шеңберінде: - ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына отандық кеме жасау және кеме жөндеуді дамыту бойынша Ұлттық бағдарлама әзірлеу үшін жұмыс комиссиясын (тобын) құру; - жұмыс тобына кеме жасауды және кеме жөндеуді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша ҚР Үкіметіне өтініш дайындау және қажет болған жағдайда кеме жасау саласында Импортты алмастыру бағдарламасын бекіту ұсынылды.